Здесь и сейчас

Всего статей в разделе: 40
Здесь и сейчас
18.06.2019
Просмотров: 625

ЖАСТАР МҰРАТ ӘУЕЗОВПЕН СҰХБАТТАСТЫ

Маусым 18, 2019

Алматыда Ұлттық кітапхананың Н. Дәулетова атындағы залында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымн қазақ әдебиетінің классигі, Абайтану ілімінің негізін қалаушы, аса көрнекті жазушы және ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Жастардың рухани дамуы және тарихқа баулу» атты әдеби кеш өтті. Шараны белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы — Мұрат Әуез жүргізіп, жас ұрпаққа қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайында баяндап, қызықты естеліктерімен бөлісті. Қазақ ауыз әдебиеті мен мәдениеті жайында жазған мақалалары мен құнды шығармаларына тоқталып, әдеби кешке жиналған жастармен пікір алмасты. Шара аясында Ұлттық кітапхананың алтын қорынан Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға белгілі қоғам-қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар және қала жастары қатысты.

Табиғат ТӨЛЕГЕНТЕГІ

http://kazgazeta.kz/?p=85161