Здесь и сейчас

Всего статей в разделе: 40
10.08.2021
Просмотров: 991

АҒАШТАРДЫ АЯЛАЙЫҚ

https://www.youtube.com/watch?v=L4on3neTjHg

Экоакцияны көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов жалғастырып, әрі қарай барша алматылықтарға жолдады.

Біз, қазақтар, өз жерімізден басқа Отанымыз жоқ деп санаймыз, ал бұл ғарыштық, планеталық масштабтағы ағаштардың Жерден басқа Отаны жоқ. Егер бәріміз ағаштарды суарып, өмір сыйласақ, біз өзімізді жоғалтпаймыз. Бізге қосылыңыздар!

Газетіміздің өткен сандарында «Alataý Аqparat» медиахолдингі («Almaty aqshamy», «Вечерний Almaty» газеттері) ұжымының Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Ағаштарды аялайық!» атты челленджді бастағаны туралы хабарлаған едік.

«Alataý Аqparat» ЖШС «Ағаштарды аялайық!» челленджі аясында мекеме айналасындағы ағаштар мен былтыр Абай даңғылының бойына өздері отырғызған жасыл желекті суғарған болатын. Сондайақ, осы челленджді Қазақстан Журналистер одағына, «Новое поколение», «Қазақ үні» газеттерінің ұжымына жолдаған. Ұйымшыл ұжымның челлендждін алғашқылардың бірі болып Қазақстан Журналистер одағы жалғастырған еді.

Экоакцияны көрнекті қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, жазушы Мұрат Әуезов қабыл алып, ары қарай жолдады. – Кез келген идея нақты адамдар арқылы жүзеге асады, кез келген игі іс оны жасағандардың есебінен өмір сүреді және одан шабыт алады. Қалалық газеттер игі іс жасап жатыр. Мен бұл жер бетінде 80 жыл өмір сүріп келемін және бұл туралы айтуға құқым бар. Алматы әрқашан жасыл желектермен, суармалы арықтармен, гүлзарлармен, субұрқақтармен әйгілі болды, сондықтан ағаштардың қурауына жол бермейік, – дейді.

Ағаш туралы түсінік адам санасына ежелден енген қызықты тақырыптардың бірі деуге болады. Оған деген сүйіспеншілік пен құрмет уақыт шектеуінен бастап эпостар, аңыздар, әдеби туындылар, қолөнер мен жердегі барлық халықтардың өнер туындылары арқылы жол табады. Мысалы, даос монастырларында ағаш өсетін кезде олардың рухани өмірінің толу дәрежесін анықтауға болады деп есептелген. Егер олар жақсы, түзу бой түзеп, мықты бұтақтары мен тәжі бар болса, онда монастырьдегі атмосфера жақсы дегенді білдіреді.

Қазақтарда «шежіре» деген сөз асыл тұқым дегенге саяды. Ал ағаштарда бұл жылдық сақиналар болып табылады. Олардың көмегімен өмір туралы, сондай-ақ адамның шежіресі туралы көп нәрсені білуге болады. Ғасырлар бойы олар бұл ақпаратты бойында сақтаған. Ағаштар – барлық тіршілік иелерінің жады десек болады.

– Бүкіл жерде өрт тұтанып жатқаны бірінші жыл емес. Қасиетті жерлер өртеніп жатыр. Бұл – өркениет үшін үлкен күнә әрі суицид. Барлық ормандар өртеніп кетпес бұрын, біздің санамыз өледі. Біз, қазақтар, өз жерімізден басқа Отанымыз жоқ деп санаймыз, ал бұл ғарыштық, планеталық масштабтағы ағаштардың Жерден басқа Отаны жоқ. Сондықтан мен Николай Гумилевтің «На ласковой земле, сестре звездам, Мы – на чужбине, а они – в отчизне» деген жолдарын еске түсіремін, – деді ғалым.

– Ағаштардың тамыры, діңі, бұтақтары мен жапырақтары – адамзат баласының символы, ал бүгін біз тамырымызды кессек, табиғат оған шыдамдылық танытпайды. Ағаш – адамға өзін жоғалтпау үшін берілген қасиетті сыйлық. Егер бәріміз ағаштарды суарып, өмір сыйласақ, біз өзімізді жоғалтпаймыз. Бізге қосылыңыздар!

Автор: Айжан БҮРКІТБАЕВА

Алматы ақшамы.-10.08.2021 ж.


Если каждый польет одно дерево мы не потеряем себя

Как отметил писатель, каждое дерево, как и человек имеет свою родословную.

Аномальная жара не отпускает город, и он задыхается от жажды. Вчерашний пожар близ Алматы, к счастью, не приведший к катастрофе и быстро локализованный, только подтверждает это. Прародина яблок засыхает. Поэтому газеты «Вечерний Алматы», Аlmaty aqshamy, сайты Vecher.kz и Аlmaty-akshamy.kz продолжают свой челлендж «Просто добавь воды», проходящий под лозунгом «Жизнь деревьям мегаполиса – присоединяйтесь!».

Сегодня акцию подхватил и передал другим видный общественный деятель, культуролог, писатель Мурат Ауэзов. «Любая идея живет через конкретных людей, любое доброе дело живет за счет тех, кто его создал и воодушевлен им. Городские газеты делают доброе дело. Я 80 лет живу на этой земле и имею право говорить об этом. Алматы всегда славился своей зеленью, арыками, клумбами, фонтанами, так давайте не дадим этому умереть. Алматинцы, не поленитесь, полейте каждый свое дерево», – считает Мурат Ауэзов.

Понятие дерева одна из волнующих тем, которая входит в сознание человека с древнейших времен. Любовь и уважение к нему проходит через призму времени через эпосы, легенды, литературные произведения, ремесла и произведения искусства всех народов нашей планеты. Например, в даосских монастырях считалось, что по тому, как растет дерево, можно определить степень наполнения их духовной жизни. Если они растут хорошо, прямо, с хорошими ветвями и кроной, значит, атмосфера в монастыре хорошая.

Казахи говорят «шежере» – родословная. У дерева это годовые кольца, по которым можно многое узнать о его жизни, как и по родословной человека. Веками они несут эту информацию вместе. Деревья – это память всего живого. «Не первый год по всей земле бушуют пожары. Горят священные земли – это большой грех и самоубийство для цивилизации. Перед тем как сгорят все леса, умрет наше сознание, и люди перестанут быть теми, кем были созданы. Мы, казахи, считаем, что у нас нет больше Родины кроме нашей земли, а у деревьев в этом космическом, планетарном масштабе нет Родины кроме Земли. Поэтому я вспоминаю строки Николая Гумилёва – «На ласковой Земле, сестре звездам, мы – на чужбине, а они – в отчизне», – рассказал ученый.

Корни, ствол, ветви и листья деревьев – это символ рода человеческого, а сегодня мы рубим свои корни, и природа не будет терпеть это бесконечно. Дерево – это священный дар человеку, который дан ему, чтобы не потерять себя. Если каждый польет одно дерево, мы не потеряем себя. Присоединяйтесь!

Важную значимость экоакции в масштабах всего города ранее отметили председатель Союза журналистов РК Сейтказы Матаев и Гендиректор MedRemZavod Арыстанбек Джумагулов. Они с радостью поддержали нашу инициативу и вместе со своими сотрудниками обеспечивают полив зеленых насаждений мегаполиса.

Напомним, в эти на редкость засушливые для мегаполиса дни сотрудники редакций газет «Вечерний Алматы» и «Алматы ақшамы», сайтов Vecher.kz и Аlmaty-akshamy.kz отправились поддержать саженцы на аллее журналистов по проспекту Абая, обеспечив их живительной и спасительной влагой.

Свой челлендж по поливу деревьев «Вечерка» передала коллегам из газеые «Новое поколение», «Алматы акшамы» – газете «Қазақ үнi».

Автор: Михаил ПРИБЫЛОВСКИЙ Вечерний Алматы.- 10.08.2021 г.