Здесь и сейчас

Всего статей в разделе: 40
Здесь и сейчас
22.02.2018
Просмотров: 1160

Өнегелі өмір

Өнегеге толы өмір

22.02. 2018 ж.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қоғам қайраткері, белгілі жазушы, публицист, филология ғылымының докторы, ҚР Журналистика академиясының академигі Мұрат Әуезовке арналған «Өнегелі өмір» сериясымен жарыққа шыққан кітаптың таныстырылымы өтті. Бұл жинаққа өмірбаяндық мәліметтер, таңдаулы туындылар, замандастары мен әріптестерінің естеліктері, сонымен қатар мұрағаттық деректер мен әртүрлі жылдардағы суреттер енгізілген. Салтанатты жиынды ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ашып, қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің жүріп өткен өмір жолы кейінгі жастарға үлгі-өнеге екенін атап өтті. «Елі мен жері үшін талмай еңбек еткен адамдардың өмірі мен қызмет жолын насихаттап, жастарға үлгі ететін университетіміздің дара басылымы «Өнегелі өмір» сериясының жаңа шығарылымы ұлттық әдебиетіміздің, мәдениетіміздің көрнекті өкілі Мұрат Әуезовке арналып отыр. Мұрат Мұхтарұлы жастайынан өзінің елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетіп келе жатқан ұлтымыздың мақтанышы. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтында қытай тілін меңгеріп жүрген студенттік шағынан бастап, қазақстандық жерлестерімен бірге Мәскеуде ұлттық сана мен ата-бабамыздың тарихын насихаттап, Алашорда идеясын зерделеп, дүйім жұртқа тарату мақсатында «Жас тұлпар» бейресми жастар қозғалысын ұйымдастырған. Сонымен қатар 1989 жылы құрылған «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысының бастауында да тұрған азаматтардың бірі әрі бірегейі. Мұрат Мұхтарұлының өмірі өнегеге толы» деді Ғ.Мұтанов. Жиын барысында белгілі жазушы Смағұл ¬Елубаев, әдебиеттанушы ғалым Айгүл Ісмақова, философия ғылымының докторы, мәдениеттанушы Альмира ¬Наурызбаева, филология ғылымының кандидаты, ¬доцент Светлана Ананьева, тарих ғылымының кандидаты, ж¬азушы Әміржан Әлпейісов және т.б. сөз сөйлеп, Мұрат Мұхтарұлының қайраткерлік қырларына, адамгершілік қасиеттеріне тоқталып, шығармаларының өзектілігіне, ондағы ашық ой мен жаңашыл көзқарастарына ¬назар а¬ударды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілеттілігінің басшысы Руслан Искандерұлы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың құттықтау хатын оқыды. Сөз сөйлеген Мұрат Әуезов былай деді: «Сіздің туындыларыңызды, естеліктеріңізді жинақтап «Өнегелі өмір» сериясымен кітап қылып жарыққа шығарайық» деп ұсыныс жасалғанда, шыны керек, қатты қуандым. Сондықтан осы кітаптың шығуына себепші болған Ғалымқайыр Мұтанұлына алғысымды білдіремін. Біздің бойымызда жастайымыздан ұлтқа деген құрмет басым болды. Осында көптеген жастар жиналып отыр, еліміздің ертеңі сіздер, демек, келешек ұлттың жанашыры да сіздер, сондықтан да тек алға қарай талпыныңдар» деп жастарды ұлтжандылыққа шақырса, алыс-жақыннан келген ¬замандастарына, жанашыр достарына жылы лебіздері үшін ризашылығын білдірді. Өз кезегінде университет басшысы Мұрат Мұхтарұлын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дамуына қосқан айрық¬ша үлесі үшін «Үлкен алтын медальмен» марапаттады. // Ана тілі газеті.-2018ж.-№9(1423)


Калдыгул Жаныбаева

Намысын ұлттың ұлықтап,

Жалындатқан Жас Тұлпар!

Көшпендінің мұрасын

Ақыл менен санасын

Ғасырлардан асырып,

Мыңжылдықтар асуын

Бағындырған Жас Тұлпар!

Арыстарын Алаштың

Ұрандатқан Жас Тұлпар!

Азамат пен Тамырды

Қырандатқан Жас Тұлпар!

Мінез бенен ұжданды,

Ой мен өре, парасат,

Парыз бенен қарызды

Тұғыр тұтқан Жас Тұлпар!

Жақсы менен жайсаңды

Тоғыстырған Жас Тұлпар!

Өнегелі өмірін заманы

Бағалаған Хас Тұлпар!

Мұрат аға! Өр кеудеңізге тағылған тағы бір марапатыңыз құтты болсын!