Времен связующая нить

Всего статей в разделе: 77
09.01.2020
Просмотров: 462

АБАЙДЫҢ 175 жылдығы

Қазақты сақтап қалған ұлы тұлға

Ұлы ойшыл, философ, ақын Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін сала отырып, өзі өмір сүрген замандағы әлеуметтік, қоғамдық мәселелерге тереңнен қарап, сол кезеңдегі халықтың қилы тағдырына алаңдаушылығын шығармалары арқылы жеткізіп отырды.

Абай ХІХ ғасырдың соңында жарға құлауға шақ қалған халықты құтқаруға жан дүниесімен кірісті. Ұлы дала мәдениеті күйреудің алдында тұрған кезеңде одан шығар жол іздеді. Абай көшпенді өркениеттің соңы еді. Кенесары, Махамбеттер кетті... Абай бергі замандағы отаршылдықты, ашаршылықты, тіптен Арал қасіретін сезген Асанқайғыдай зар-заман өкілдерінің еңбектерін таныды. Ұлы дала мәдениетіне қауіп төнген тұста өзінің өршіл, рухшыл, шыншыл, батыл шығармалары арқылы халқының кемшілігін сынады, мінеді, сабап та алды. Ол тығырықтан шығар жол іздей отырып, елін-жұртын мәдени күйреуден аман алып қалды. ХХ ғасырда жүректі, саналы ғалымдар, қаламгерлер, яғни Алаш қайраткерлері Абайды көсем тұтты әрі ұлы ойшылдың мұрасын елдің бостандығы мен келешегіне пайдаланды.

Абай қазақты сақтап қалған ұлы тұлға десек қателеспейміз. Қазақ халқы басынан қаншама нәубетті кешірді. Халқының келешегі үшін ұлы күреске ағартушылық жолмен келді. Осы тұста бауырлас жоңғарлар неге жойылып кетті деген сауал туындайды? Өйткені олардың Абайдай тұлғасы болған жоқ. Сондықтан да бүгінгі күні Абайды аударылған парақ ретінде емес, әлі де терең зерттелетін әлем ретінде қарастыруымыз қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы рухани кеңістігімізге, мәдени өмірімізге серпін беретін, терең ой салатын жүйелі түрде жазылған құнды дүние. Абай кім, қандай тұлға болған, ғұламаның тарихымызда алатын орны қандай? Абай мұрасының қандай тұстары өмірімізге ерекше қажет, оны қалай зерттеп білеміз? Міне, осындай келелі ой салатын мақала Абайтану тұжырымдамасын жасауды қажет етіп отыр. Осы тұста тиісті мекеме мамандарымен мазмұнды кеңестер жасалуы қажет.

Абайдың туған жері Шыңғыстау киелі мекен. Әрине, Қазақстандай туған елдің барлық аймағы да қастерлі әрі киелі. Ал Абай мен Шәкірім, олардың шәкірттері өсіп-өнген ортаға рухани орталық ретінде қарау, оған жаңаша бір мәртебе беру өңірді түлетіп, серпілтетін игі бастама. Адам түлігі, шөбі де, топырағы да ядролық сынақтың зардабын шеккен аймақ үшін Шыңғыстау өлкесінің қайта жанданып, гүлденуіне, рухани жаңғыруына, үмітсіздіктен арылуға жол ашары сөзсіз.

Ойға-ой қосуға үндейтін Президент мақаласының өзіндік бір әуезі бар. Ал Абайда тану үшін әркім өз-өзін, ішкі әлемін тануы тиіс. Сонда ғана Абай бізге жақындай түседі. Абайдың «толық адамы» осыған меңзейді. Абай – ұлы ұстаз. Әрі Абайды зерттеп, түсіну қоғам үшін үлкен олжа. Ал алдағы уақытта Абайды тануға әрқайсымыз дайын болуға тиіспіз. Абайды түсіну үшін көкірек көзінде үміт оты ұялаған, ел мен жерді сүйген ұлтжанды адам болу керек. Сонда ғана Абай әлемінің сырын ұғамыз. Абайды түсіну үшін әркім де сол биікке ұмтылса игі. Абай көптің бірі емес, Абай – биік шың. Заманға қарсы тұра білген сегіз қырлы, бір сырлы тұлға.

Осыдан біраз бұрын «Мәдени мұра» бағдарламасы сәтті, нәтижелі жүзеге асты. Қорытындысында мәдени мұрамызды түгендеп, санамызды екі жарым мың жылдық тарихымызға үйрете бастадық. Абай осы санғасырлық тарихымыздың жалғасы.

Мұрат ӘУЕЗ, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

//Egemen Qazaqstan 10.01.2020 ж.


НОВЫЙ МАСШТАБ ОЦЕНКИ АБАЯ ОЧЕНЬ СВОЕВРЕМЕННЫЙ – МУРАТ АУЭЗОВ О СТАТЬЕ «АБАЙ И КАЗАХСТАН В 21 ВЕКЕ»

Заслуженный деятель Республики Казахстан, культуролог Мурат Ауэзов поделился своим мнением о статье, опубликованной Президентом Касымом-Жомаром Токаевым «Абай и Казахстан в 21 веке», передает корреспондент Strategy2050.kz.

«В этой статье очень много достойной позитивной оценки, есть желание по-настоящему его понять, подлинное искреннее восхищение творчеством великого поэта. Она отличается от всего того, что ранее было написано», - сказал Мурат Ауэзов. По его словам, Президенту удалось провести параллели между современным обществом и казахской степью.

«Намечен целый ряд конкретных мер по сближению современного общества с исторической личностью. Это очень правильная инициатива, которой не хватало. Знания об Абае нужно возрождать», - отметил Ауэзов. По его мнению, перед обществом давно встала задача по постижению личности Абая, которую нужно решать. Начало положено.

«Абай – это «альпийская величина», которую нужно постигать и мы в начале пути. И вот почему. Дело в том, что Абай – это спаситель своего народа. Железный век, пришедший на смену бронзовому, положил начало конно-кочевой цивилизации, сыгравшей грандиозную роль в истории человечества. В 17 веке начался закат этой цивилизации. В 19 веке стало понятно, что наступают тяжелейшие времена, воспринимаемые поэтами течения «зар-заман» как ақыр заман (апокалипсис). Каждый чувствовал приближение трагического финала. Это очень хорошо почувствовал Абай и выбрал единственно верный путь спасения через просвещение. Ведь такой же народ как мы – джунгары исчезли, ушли «в небо». Казахский народ ждала такая же участь, если бы не Абай. В трагичное и тяжелое время, он нашел выход. Судьбой было предназначено, чтобы народ, культура, его традиции не умерли», - считает эксперт.

Он добавил, что Абай прекрасно понимал, что просвещение – единственно правильный выход. Поэтому подошел к этому вопросу предельно мобилизовано, овладевал знаниями Востока и Запада, воспитал поколение деятелей Алаш Орды, своих последователей. «В это тяжелое время, которое в истории обозначено, как «Зар заман», Абай смог создать систему противостояния и не дать народу погибнуть. Ученики Абая - Ахмет Байтурсынов, Мыржакып Дулатов, Магжан Жумабаев, все они позже оснастили знаниями поэтов, писателей и народ. Его влияние нашло яркое воплащение в творчестве Мухтара Ауэзова. Со знанием масштабной роли Абая мы и должны рассматривать сейчас события, которымиживет страна. Потому что многое идет от Абая. Новая оценка роли Абая очень своевременна», - подчеркнул Мурат Ауэзов.

Он добавил, что справедливой мыслью, которая прозвучала в статье Касым-Жомарта Токаева, явилась инициатива по приданию статуса духовного центра малой родине Абая – в Чингизских горах.

Автор: Рабига Нурбай