Сверх того

Всего статей в разделе: 37
19.02.2019
Просмотров: 1291

Ләйлә Мұхтарқызы Әуезова

«Жетісу» фонтанынан басталатын қазіргі Мұқан Төлебаев көшесіндегі Әуезовтер үйі Алматының «алтын мүйісінде» орналасқан. Верный қаласы кезінде «Сергиополь», кеңестік уақытта «Фонтанная», Мұхтар Омарханұлы тұрған уақыттарда «Абай» деп аталған қаланың бұл көшесіне 1961 жылы кеңестік Қазақ Республикасының әнұраны авторларының бірі, көрнекті композитордың есімі берілді. Онда орналасқан Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің, Д.А.Қонаевтың мемориалдық мұражайлары «алтын мүйістегі» аса қастерлі мекендер. Осы жерден Төле би даңғылына дейін жаяу жүріп және жан-жағыңызға жіті назар аударып қарасаңыз: бұл көшенің бойындағы әрбір үй – өзінің даңқты тарихи ескерткіштерімен таң қалдырады. Қабырғаларындағы мәрмәр тақтаға жызылып ілінген қайраткер адамдардың есімдері үнсіз ғана ұлттың ұлы тұлғаларының соншалықты мол болғанын паш етеді. Табынба – таны, үрікпе – үлгі ал деп тұрған ерліктің энциклопедиясы тәрізді. Басы Абай даңғылынан басталып, Әуезовке жалғасқан алфавиттік заңдылықта бір құдіретті үйлесім бардай. Бәрі де – Абайдан басталады, бәрі де – Әуезовке жалғасады. Осынау бір-бірінің алдына түспей, бір-бірінен қара үзіп қалмай, қатар тұрған қаһарман қазақтардың мекен-жайында өсіп-өнген ұрпақтары жайлы біз не білеміз?! Жалпы, «алтын мүйіс» дегенде оған үлкен деңгейдегі мемлекеттің, Алматы қаласының және ұрпақтарының да үлесін сыйдырып айтқым келген. Әсіресе, алыптардың алтын ұясын «менікі» дейтін меншіктік санадан сақтай отырып, халықтың рухани-мәдени ошағына айналдыра алған балалар еңбегі бізге нені үйретеді? Салыстырып көрейікші, жаппай жекешелендірудің жілігін шағып, майын ішкен, сонымен аузданған қазіргі менің замандастарым әке мұратын қаншалықты түсініп, сақтап қала алар екен? Мейрамханалар мен асханалар желісі сананы тұмандатқан қазіргі заманда әке есімі оның маңдайшасына әлдебір шет тіліндегі қосымшалармен қосақталып ілініп тұрса, баласына қандай айып тағасың: іскерлік+табыс=ата даңқы. Бүгінгі девиз осыған жуық. Ал кеше қалай еді? Әуелі ар-ынсап, сенім деген бар еді және осындай құндылықтарды сіңірген тарихи уақыттың да басқа болғанын мойындамасқа шара жоқ. Біз ностальгиямен өмір сүрмейтін ұрпақтармыз (бұл мақтанатын мінез емес). Сөйтсе де өткен күндердің ұлы мұраттары әр бұрыштан, әр мүйістен, әр қабырғадан өзіңе үнсіз тіл қатқанда біздер нені жоғалтып алғанымызды, түңілмей-ақ айтсақ, неден айрылып бара жатқанымызды сездірмей ме? Жалт-жұлт еткен заманауи ғимараттардың мөлдірлігі мен суықтығы мұздай: өткінші емес пе өзі? Әйнек қабырғалар әркімнің де сұлбасын шамадан тыс зорайтып көрсетеді, бірақ ол біз емеспіз! Сұрақтар гамлеттік емес және осы ойларымның да субъективті екенін есепке алыңыз...

Ләйләнің портреті

Әуезовтер отбасы 1951 жылдың алғашқы жаз айының жаймашуақ күнінде жаңа, жайлы, кең үйіне көшіп келеді. Табан ет, маңдай терімен тапқан және өз қаржысына салынған әрі өте аз уақытта қауырт біткен (шамамен бір жылда) жекеменшік еңселі үй. Неге асықты десек, жауап бүгінде анық болып отыр: алда тағы бір кезекті қуғын-сүргін күтіп тұрған. Ол – 1953 жыл еді. Және бар-жоғы он жыл ғұмыры қалыпты, сәл кідірсе мақсат пен мұраттың да орындалу мүмкіндігін болжаудың өзі қорқынышты. Мақсаты – кеңестік жүйенің коммуналды пәтеріне деген дала перзентінің үнсіз қарсылығы сияқты. Мұраты – болашақ мұражай-үйдің аяқталған әсем ғимаратын көру. Ал оны сақтап қалу – бірінші еліне аманат. Екінші – ұрпағына сенген. Ол – сүйікті қызы Лелюсенькасы еді. («Абай» тарихи романының 1942 жылғы тұңғыш басылымының бірінші бетіндегі: «Моей надежде и радости самой любимой моей Лелюсеньке. С крепкой верой в твое светлое большое будущее. Папа. 2/ҮІ–42» деген қолтаңба мұражайдағы экспозициялық залда тұр.) Ол кезде бұл мекенжай: Абай 157 көшесі болып аталғанын жазушының 1953 жылы өз қолымен толтырған жеке іс парағында көрсетілген. Ал 1960 жылдары үйдің нөмірі Абай 185 болыпты. Себебі, көше ұзарып, жаңа үйлер көптеп салынып жатты. Нөмірлеу негізінен қазіргі Райымбек даңғылынан басталған. Әлі де солай. Бүгінде «Әуезов-үйі» ғылыми-мәдени орталығы Төлебаев 185 деп аталатынын белгілі. Міне, осы көшеге қарайтын негізгі есіктен ішке енген соң екінші қабатқа алып баратын баспалдақпен 21 басқышты басып өтіп, жоғарыға көтерлсеңіз төрдегі қос терезесінің бірі батысқа қараған бөлме – Ләйләнікі. Құрқылтайдың ұясындай. Бір киім шкафы, болыскей кереует, қызыл-қоңыр шұғамен қапталған жазу үстелі, үстінде «Колибри» жазу машинкасы (Германия) қойылған, ал оның жоғары жағында Ләйләнің портреті ілулі тұр. Авторы – Әуезовтер отбасының досы, Татарстанның көрнекті суретшісі – Баки Урманче. Потрет – 1943 жылы салынған. Ләйлә – 14 жаста. Бүгінде бұл портреттің салынғанына – 76 жыл толады. Сары түсті көйлек, қолына дала гүлін ұстаған жас Ләйләнің бұл портретінде Джовани Болдинидің қылқаламына тән сұлулық пен сымбат бар. Әсіресе, болашақ әке мұрасының басты шырақшысының ақыл-ойға шомған әдемі кескінін Б.Урманче әлдебір нәзік сезімталдықпен болжағандай. Сөзімізді нақтыласақ, Ләйлә Мұхтарқызы 1929 жылы Ташкент қаласында дүниеге келіп, негізгі білімді Алматы қаласында алады. Әкенің ұлы мұраты тереңнен тамыр тартады: Ләйлә М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің тарих факультетін 1952 жылы бітіріп, ал 1955 жылы КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын тамамдайды. Еңбек жолын Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында кіші ғылыми қызметкерліктен бастаған. 1958 жылы тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғайды. Тақырыбы: «ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда егіншіліктің дамуы» деп аталған ұлттық ғылым үшін өзекті мәселе. Ал ол уақытта коммунистік астары бар тақырыптардан аман қалу оңай емес еді. Міне, осы баспалдақтардың бәрінен Лелюсенькасының абыройлы өтуін және өткенін қадағалап отырған әкенің қуанышы мен қамқорлығын тек болжауға ғана болады.

«Адам, дос, менің жалғасым!..»

Титандарша еңбек етіп, патшаларша өмір сүру – санаулы адамдардың қолынан келетін тағдыр. Мұхтар Омарханұлының тар жол, тайғақ кешуде жүріп, соңына қалдырған мол мұрасы мен өмір салты көбіміздің дардай қып жүрген істеріміздің құр көбік екенін әйгілейді. Жазушының тұрмысы жайлы арнайы жазылған дүниелер жоқ. Бұл біздің менталитетімізге жат нәрсе. Алайда, барлық пен байлық жарасатын адамдар болады. Міне, сондай адамдар – Әуезовтер отбасы. М.Әуезов туралы естеліктерде бұл бағытта көптеген мысалдар бар. Әрдайым мол дастархан, үнемі келіп жататын қонақтар, олардың кейін еске алулары және соны өздерінің өмірлеріндегі тағдыр сыйындай көруі – жоғарыдағы ойларыма дәлел бола алады. Және, кеңестік кезеңнің тұрмысқа қойылған қатаң талаптарын қаперге ала отырып, қысқа қайырсақ, кең де биік үйде, қонақжай отбасында, айналасын қоршаған өнегелі адамдар арасында, не ішем, не кием демей бұла өскен Әуезовтің Лелюсенькасы әке эстафетасын ары қарай аброймен алып кетуіннің басты сыры осында. Өйткені, алтын ұя, ардақты әке, бақытты балалық шақ – Ләйлә Мұхтарқызы Әуезованы баулып ұшырған өмір мектебі! Ал бұл жол оңай болмаған. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас өте күрделі: нәзіктігі – гүлдей, беріктігі – болаттай. «...человек, друг и кровь моя...» Осыны жан-жүрегімен сезініп, сақтап қалу жолындағы әкенің жан дауысын (сырын) кім естіді, кім түсінеді?! Оған тек хаттар ғана куә. Өмірде хаттардан шынайы ештеңе жоқ. Тарих хаттардан басталған. Біз содан айрылып қалдық... Төменде Әкенің үш хатын үзбей беріп отырмыз.

М.Ауэзов – Л.М. Ауэзовой

14 сентября 1951 г.

Лилюня милая моя! Что же это такое, так долго не пишешь домой? Плохо поступаешь, и мы с мамой непростительно долго не пишем тебе. А мама тревожится с мыслью о том, не обижаешься ли ты за то, что не выслали денег на пальто. А с деньгами, Ляленька, у меня сейчас очень и очень туго. Ведь еще до сих пор я не уплатил за труд его инженеру – Георгию Герасимовичу. Хорошо, он не торопит. Все ждал перевода денег из двух учреждений Москвы, особенно обнадеживали в издательстве «Советский писатель». Но вчера я получил телеграмму, сообщают, что расчет возможен лишь в середине октября: из их суммы я и предполагал перевести тебе и уплатить значительную часть своего долга инженеру. Тут еще делается книжный шкаф, он не окончен и опять нужно дорого доплачивать за труд и материалы. На днях прошла сессия Академии, я уже не член Президиума, это сильно скажется на моем бюджете. Уже подал заявление в Университет, чтобы оформили на полную нагрузку. Академия от дел хочет отпустить. Первый том редактировать буду сам же, но эту работу буду вероятно вести за счет своих обязанностей действительного члена Академии. Как бы то ни было, сильно разгружаюсь для писательско-творческой работы. Это все к лучшему. Но пока на бюджете имеется существенное отражение. Вчера закончилась республиканская конференция по сбору подписей. Создали республиканский и избрали делегатов на 3-ю Всесоюзную конференцию, я нахожусь в том и другом составе, так что поеду в Москву в ноябре. Курорт отложил на декабрь – приеду из Москвы после конференции. Тогда же, думаю, устроить тебя с твоим пальто. Родная моя Ляленька, не обижайся ради бога за это опоздание, ведь это впервые, когда я тебя прошу войти в наше положение с деньгами. Строили и не может это не сказаться на всем. Если бы знала, как скажется на всякие даже мелочные издержки и мама! У меня очень много расходов, плачу многим людям, сама хорошо знаешь об этом, поэтому и дайте мне некоторую льготу во времени и за этот срок я вероятно сумею снова выровнять наш бюджет. А пока пойми меня и потерпи у меня, дружок ты мой. Была ли ты у Зои? Как живешь на новом месте? Каково с хозяевами. Напиши скорее обо всем этом. Дома все; по старому. А домиком нашим по прежнему довольны. Погода у нас очень теплая, солнечная. Жду скорого письма и целую тебя. Папа. Привет твоим хозяевам. Как устроилась Саулешка, привет и ей. Алматыдан Мәскеуге жазылған хаты.

М.Ауэзов – В.Н. Ауэзовой и Л.М. Ауэзовой

5 мая 1952 г.

Валечка родная, милая Ляленька! Минувшей ночью, в 11 ч. Получил мамину телеграмму. Хорошо, что она длинная, обстоятельная и ночью же ответил вам. А сегодня все не отгоню тревогу о Ляли… главным образом, о здоровье ее. Поймите же, мне наплевать в конце-концов на всякие ученые карьеры, но в жизни, Ляля, моя самая главная опора из родных (после мамы, разумеется)…человек, друг и кровь моя, обновленная воспитанием настоящим, коммунистическим, дороже всего на свете и все, что касается ее живет в сердце моем. А здоровье ее, жизнь ее важнее всего, потому что знаниями она уже вооружена. Одно прошу, Валя, и Ляленьку, не перечьте Тлеш, он хорошо знаком с зам.ректором Университета, он выяснит, сделает, что нужно для аспирантуры в МГУ, или же он как замдиректора нашего Института уладит очень просто с Институтом Востоковедения, только не мешайте, не расхолаживайте его. Он хочет уладить вопрос аспирантурой Ляли. Мои дела хороши в том смысле, что сценарий понравился товарищам из ЦК. Вчера передавали «строго между нами», что прочел самый главный руководитель наш и ему понравилось. После десятого ожидают обсуждения, надеюсь, будет все хорошо. Это самое главное, потому что я делаю «разведку боем» в современной боевой тематике перед созданием своей серии романов на современную тематику. А денег все же мало, поэтому хочу быстро составить заявку на сценарий «Абай» и заключить договор с Жуминым. Казлитиздат все не может уплатить аванс за «Дворянское гнездо», немного денег все же надеюсь получить от него. Главные мои расчеты: 1) на сценарий, русский текст которого скоро вышлем в Москву авио по окончании перевода Шуховым. Он работает усиленно, его торопят и из ЦК. Там по первому расчету мне следует 15 тысяч из сценарной студии. 2) На роман в издательстве «Советский писатель». 3) на договор с Министерством кинематографии здесь. Хорошо бы Зое или тебе вместе с ней подробнее узнать о сроке выхода романа у Кирьянова в «Советском писателе» (там довольно аккуратно платят по выходе книги) или мне лучше прислать телеграфную доверенность, заверенную нотариально, чтобы издательство рассчиталось с тобой. Разузнай пожалуйста получше об этом и телеграфируй. А сценарий, русский текст, Шухов закончит к 15-ому и мы посылаем авио – там если худ.совет утвердит хотя бы на прием вещи, то уплатят 25%, т.е. 15 тысяч. Так мне кажется, что все эти три источника реальными, но дело во времени в продвижении вещей. Собираюсь на Пленум, но не поеду, не получив здесь откуда-нибудь денег, хоти бы в размере 15 тысяч. Таковы мои заботы и хлопоты. Остальная моя жизнь идет по старому. Эрнарик ведет себя по старому, т.е. пачкает костюмы так же, но очень хорош в учебе, а это самое решающее. Понимаешь, Валенька, после твоего отъезда вечерами он садится сам за работу и трудится честно, хорошо. …А сегодня утром вызвал просто умиление у меня. Вчера вечером он с Умиш пошли к Амиру, задержались там, и мы с Григорьевной уложили его сразу после чая. А сегодня утром я встаю пол восьмого и вижу – он сел у себя за работу. Никто его не заставлял, не будил – выходит такой же деятельный, как мы с Лялей – он в нас, ответственно трудовой человечек. За эту его старательность я повез сегодня его, Амира и Вовку, по его приглашению, за Или. Убили двух сизоворонок и он одного из них послал Зуле, которая, говорят, как сообщила ее мама, и восторгается «воробышкою» и хочет побить Эрнарика по лбу за жестокость. В Союзе все по старому, ждут, но еще не переменили неугодных лиц. 16-ого республиканское совещание по проверке итогов VIII пленума. Возможно, после него будут оргвыводы. Я беседовал в Академии с Кунаевым, Сауранбаевым, Сокольским, отношения должны наладиться – мои условия всем – убрать прочь подлеца. Они с этим согласны. Ну целую вас, привет хозяевам, к сожалению не знаю отчества. Сердечно Ваш М. Привет Зое, Абелю Наумовичу, Исхак и его семье. Алматыдан Мәскеуге жазылған хаты. М.Ауэзов – Л.М.Ауэзовой 23 января 1955 г. Ляленька моя! Вот 23-го в-.5 ч. Московского времени мы в Копенгагене. До этого одна остановка была в Осло. Нас кормят завтраком, обедом в самолете, условия полета очень удобные, чувствую себя прекрасно. Здесь мы стоим 40 минут. Впереди остановки в Дюссельдорфе, Женеве, Риме, Каире, Карачи. Самолет внушает полное доверие, мощный моторный. Звони маме, пусть не тревожится. Целую вас всех. Папа. М.Әуезовтің Үндістанға барар жолында Копенгагеннен Мәскеудегі қызына жіберген открыткасы. Ұлы ұядан – қыран қияға қонған асыл қызы халқының… Ләйлә Мұхтарқызы туралы естелік кітап «Асыл қызы халқының» деп тегін аталмаған. Бұл шын мәнінде солай. Естелік жазған қалың қауым оның адами қасиеттерін жеріне жеткізіп айтқан. Күмән мен күдікке жол жоқ. Қыранның қияғы (Б.Майтанов), асыл жар, ардақты ана, адал дос, жомарт жүрек, меймандос мінез және ірі ғалым – осының бәрі бір бойынан табылғанын тағы да тәпсірлеп жату артық. Десек те, кейбір жайттарды шолып айту парыз. Ол өзі өскен ұлы ұясын еліміздегі ең ірі ғылыми-мәдени ошаққа айналдыруда өлшеусіз еңбек етті. «Әуезовтің мұражайын» 30 жыл басқарып, әке мұрасын насихаттау, жүйелеу, сақтау, жариялау, зерттеу жолында қажырлы жұмыстар атқарды. М.Әуезов шығармаларының әр жылдарда жарық көрген 5, 12, 20 томдықтарын дайындауда жетекшілік етті. Кейінгі 50 томдықтың негізгі жоба-жоспарын жасаған да өзі еді. Бұл жинақ пен 100 томдық «Бабалар сөзі» орта Азияда тек біздің ел ғана қол жеткізген жетістік. Өзіміздің төл және ұлттық мұрамыз! Ал «М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі» атты кітап «…ғылыми айналымға түскен, жеке адамның өмірі мен шығармашылығына арналған қазақ әдебиетіндегі тұңғыш еңбек» (Ш.Сарыбаев). Сонымен қатар, М.Әуезовтің қолжазбаларын жүйелеп, оны 550 папкіге орналастырып, соның негізінде «М.Әуезовтің қолжазба мұрасы» (1977) атты көрсеткіш кітабын құрастырды. Міне, осы үлкен екі еңбек 50 томдық толық жинақтың басты ғылыми негізі болды. Бұдан басқа толып жатқан еңбектерді айтсақ, тізім ұзаққа кетеді және істеген істер де ұшан теңіз, оны ғылыми көпшілік жақсы біледі. Ештеңе жоқтан бар болмаған. Алып ғимараттың іргетасы мен қаңқасын қалаған адам – Әуезовтің Ляленькасы! Рас, осынау орыстар айтатын «титаническая работаны» жолға қою үшін ұйымдастырушылық қабілет қажет. Мысалға, мына есімдер көп нәрсені аша алуы керек: М.Бөжеев, Б.Сахариев, Т.Әкім, М.Мырзахметов, З.Серікқалиев, Н.Мұхаметханов, А.Қуанышбаев, Р.Досымбекова, М.Әдібаев, Т.Жұртбай, Б.Майтанов, Д.А.Қонаев... Бұлардың атақ-абройын тізбейміз және әрқайсысы әр жылдарда қызмет еткенін де айтпадық, тек олардың бәрі де Ләйлә Мұхтарқызының ұсынысымен, апайдың алдын көріп, ұлының ұрпағының мақсат-мұратын риясыз түсініп, жалғастырған, сенімді – аға, дос, іні, баласы еді. Бүгінде мұражайды Ләйлә апайдың баласы, әуезовтанушы-ғалым Диар Асқарұлы Қонаев басқарып отыр. Біз Л.Мұхтарқызын көрген жоқпыз, бірақ ол кісі жайлы естеліктерді жоғарыдағы аты аталған адамдардың кейбірінің аузынан көзі тірісінде көп естідік. Ал естелік есте қалған және қала алған адамдар туралы айтылады... Атақты «Халық университетінің» ашуға мұрындық болған және соның ректорлығына Р.Бердібаевты өзімен кеңесе отырып ұсыныс жасаған Ләйлә Мұхтарқызы екенін Рахманқұл аға құрметпен еске алады. Ал музейдің байырғы қызметкері Н.Мұхаметханов: «Ләйләні ұлы Мұқаң мұғалім жалдап, А.Байтұрсынов емлесін оқытып, қара танытқан екен. Ынта қойып өз бетімен талпынған Ләйлә арабша хатқа түскен М.Әуезов қолжазбаларынан өзі қажет еткен материалдарды оқып, пайдаланатын» деген қызғылықты дерек айтады. Жалпы, Ләйлә Мұхтарқызы қазақша білген, оны құрбылары, араласқан адамдары жоққа шығармайды. «М.О.Әуезов творчествосында Қазақстан тарихының мәселелері» (1975) деген тақырыпта тарих саласында докторлық қорғаған, Ш.Ш.Уәлихановтың 2 томдығын шығаруға қатысқан және үйде Үміш апайдың (М.Әуезовтің қарындасы) тәрбиесін көрген ол қазақша білген, тек сөйлеуде ыңғайсызданған екен. Бірде Нариманды Қырғызстандағы архивке рұқсат алып беріп, атақты 1952 жылғы Манасқа байланысты ғылыми айтыстың негізгі құжаттық дерегін қолға түсіру үшін жіберіпті. Мұндай кедергісі мен кілтипаны көп, аса сақтықты талап ететін азаматтық істері аз болмаған. Ол – Әуезовтің қызы, Қазақстанның бірінші басшысы – Д.А.Қонаевтың келіні және еліміздегі екі ғана КСРО академигінің (екіншісі Қ.И.Сәтбаев) бірі – Асқар Меңліахметұлы Қонаевтың жары. Осы үлкен үштіктің асқақ бастарын аласартпай кісілікпен, кішілікпен ғұмыр кешу де ерлік. Тағдыр талқысы! Тақтайдай тегіс жол болған емес. Болса да, ол да әр түрлі дыбыс шығарады. Бұның жауапкершілігін өзі ғана біледі, тауқіметін де өзі ғана көрді деп ойлаймыз. Бірақ, ертеңгі қамын бүгін ойлайтын сау сана – Ләйлә Мұхтарқызын әке мұрасын зерттеуші, әке ұясын сақтаушы дәрежесіне жеткізді. Ол әкесінің «адам, дос, менің жалғасым!..» деген ұлы үмітін толығымен ақтаған баласы. Үйінде баласы ретінде портреті тұр, ал жалғасы боп мұражайда жұмыс кабинеті ашылған және экспозициялық залға – іске асырған еңбектерін үнсіз бақылып, ұшқан ұясын, қазақ әдебиетінің рухани мекенін, бәрі-бәрін және бәріңе де мәңгілікке көз жіберіп тұрамын дегендей әсем фото суреті орналасқан. «Не хвалите меня!..» немесе «Я же не папа!» Әке мен анасы Ленингард қаласында танысса, Ләйлә болашақ жарымен Мәкеуде оқып жүргенде кездесіпті. Студенттік қарапайым бір кеште бір-бірін көріп, танысқан олар кейін отбасы болып, екі ұл сүйді (Елдар мен Диар). «Алтын мүйістің» екі басын тағдырларымен түйістірген Асқар мен Ләйлә абырой мен атақтың бас айналдырар шырқау шыңында өмір кешті. Бірақ, олардың жұбайлық өмірлеріне Әуезовтер мен Қонаевтар әулетінің еш ықпалы болған емес. Сондай-ақ, Асқар мен Ләйләнің да беделдеріне әулеттік фамилиялардың да қатысы жоқ. Рас, Мұхтар Омарханұлы мен Дінмұхамед Ахметұлы бір-бірін бұрыннан білетін. Олардың Риддер қаласындағы рудникте басталған байланыстары, кейін 1952 жылы Ғылым академиясын басқарған жылдарында тіптен жақын араласуына себеп болса, тап осы жылдарда М.Әуезовті ҒА-ның академиктігінен шығару мәселесі қойылғанда қорғап, ОК-тің талабымен келіспей, Мәскеуге дейін барып, араша түскен Д.А.Қонаевтың азаматтық істері 1955 жылы құдай қосқан құдандалыққа ұласады. Ұлылар үндестігі дегеніміз осы! Асқар мен Ләйлә некеге Мәскеуде тұрған екен. Қасында куә болған Роза Меңліахметқызы неке қию рәсімінің Мәскеудің елеусіздеу бір жерінде, өте қарапайым өткенін еске алады. Үнсіз, дабырасыз болыпты. Үнсіз және гүлсіз. Себебі, Әуезовтің Ләйләсі өздерін аздап қобалжытса керек. Ақыры, осы ауыр үнсіздікті бұзып, Ләйлә: «Почему вы нас не поздравляете?!» – депті Розаға. Ол – қуанышына құттықтау күтті. Ол – осылай өз қуанышын айта алды. Ол – сол күні Асқарға үйленіп жатқан, кейінгі академик Асқар Меңліахметұлы Қонаевқа емес. Ол – осы қуанышын өмір бойына сақтады, ал Асқар да өзінің «қаракөзін» ардақтап өтті. Асқар мен Ләйләның әр кезде жазысқан хаттарынан үзінді «Лейля и Аскар» деректі фильмінен алынды. Лейла. «Аскарик, напиши мне подробно что у тебя с делами. Есть ли какие-нибудь сдвиги? Решилось ли все как тебе хочется? Не старайся быть скромным, у тебя есть все возможности чтобы добиться своего. Доведи сейчас все до конца, а потом я приеду и найду тебе путевку в хороший санаторий. Тебе надо отдохнуть, перед такой трудной работой». Аскар. «Моя дорогая, я не знаю чтобы я отдал сейчас, чтобы шагать в ногу с тобой. Мне действительно думается, что ты очень многим пожертвовала, соеденив свою жизнь со мной. Прости меня моя дорогая, но я не мог иначе. Я должен был бороться за свое счастье, за свою радость в жизни, за свою любовь. Я очень счастлив, потому что ты теперь со мной, что я твой муж! Моя голубка, не думай грустно обо всем. Вокруг тебя столько яркого света, что мелкие тучки не омрачат твое кроткое, доброе сердце. Целую тебя, моя черноглазенькая Лелюсенька, крепко и много раз. Твой Аскарка!» Лейла. «В общем живи спокойно, работай, ни о чем не думай. Очень было приятно получить твою телеграмму. Спасибо за внимание. Это для меня было очень важно. Теперь мне стало немного легче. В общем я верю в твой разум, душу и человечность, за что я тебя и люблю. Целую тебя крепко! Лейла!». Аскар. «Здравствуй Леллюсик, моя хорошая, моя черноглазенькая, моя любимая. Я думаю что кроме тебя у меня нет и не было такого близкого человека. Мне Лелюсик все же скучно без тебя. Ни о чем не думай. Всегда твой и всегда тебя любил, и люблю. Приезжай скорее. Твой Аскар!» Лейла. «Аскареночек, я уже сильно скучаю по тебе и ребятам. Особенно они мне запомнились в день отъезда. Напиши мне подробно о себе, как твое настроение? Оно должно быть самое боевое! Как здоровье папы? Передавай всем вашим от меня большой привет. Родной мой, целую тебя! Очень хочу скорее домой. Жду весточки в Москву. Твоя Лейла!». Сөз соңында деу орынсыз болса да Ләйлә Мұхтарқызының айналасына жасаған жақсылығы мен меймандостығын айту таусылмайтын жыр. Еске алушылар сол жырды сағынышпен, парыздар сезіммен айтады. Жастайынан жақсы тұрмыста өскен және ата-бабаларынан бері бұл жағында ұялатын ешбір тұстары жоқ Ләйлә Мұхтарқызы – адамдар өмірінде қол жеткізе алмайтын істері бар екенін көргенде, соларға көмектескенін заңдылық деп ұғамын. Жомарттық та, байлық та, жақсы я жаман мінез де тұқым қуалайды. Оған мысалдар өте көп. Ал М.Әуезовтің қонақжайлығы, жомарттығы, рухани және тұрмыстық байлығы туралы айту – жеке тақырып және бір нәрсені мойындау керек: Ләйлә Мұхтарқызы мен Әкені бөліп қарауға болмайды. Естелік айтушылардың өздері оған жасаған жақсылығына алғысын білдіргісі келсе: «Мені мақтай көрмеңіз!» деп шырылдайды екен. Кейде мұндай шаруаларды шеше алмай, әсіресе «сенген қойым сен болсаң» дейтін пендешілікті естігенде: «Я же не папа!» деп қапаланғанына куә болғандар бар. Ләйлә Мұхтарқызы достыққа берік, алды кең, мол қолды және өте орнықты кісі болыпты. Ләйләнің күлкісі мен ақыл-парасатын көзімен көргендер айтқанда өздерін қойып, бізді таңқалдырады. Менің көз алдыма Зере әжеміз, Ұлжан апамыз елестейді және осы пайымдауым жалған болмауға тиіс деп те ойлаймын. Ол кісі әзіл-қалжыңға да ұста екен. Бірде: «Сегодня с девушками было чп» депті. Келіндері таң қалып қалса керек. Мүмкін емес, қалай?! Сөйтсе, «қыздары» – өзінің араласқан құрбы-құрдастары екен, ал оларды өмірінің соңына дейін осылай атап кетіпті. Ал чп – чай питье! Орын мен орнықтылыққа бір мысал. Ләйлә Мұхтарқызы институттың ғылыми кеңесіне, тағы сол сияқты жиындарға келгенде тек бір жерге ғана отырады екен. Сол орыннан басқа немесе төрге, ортадағы үлкен кісілер отыратын үстелге емес. Сондықтан институттың өзге қызметкерлері ол орынға отырмайды, бұл – Ләйлә апайдікі! Келмесе бос тұрады. Бірде институтта төтенше жиналыс болып, мінбеге біраз «шешендер» көтерілсе керек. Мәселе, желтоқсан көтерілісін айыптап, соған қатысқан, керек боса көз салған, өтіп бара жатқан... жастардың сыбағасын беру. Ұлы жүйенің бетіне түскен шеркеу, опасыздық, көргенсіздік т.т. деп «ұяттан» қызарған кейбіреулер үшін енді өзіміз ұялатын болдық. Ұлттың ұяты мен ар-ұжданы сынға түскен кезде ұр тоқпақтардың күні туып, қызды-қыздымен Қонаевтардың адресіне ауыр-ауыр айыптар тағылып, әлдекімдер әбден шер тарқатады. Ләйлә Мұхтарқызы үндемепті. Бұрын да мінбеге көп көтеріле бермейтін, көп сөйлемейтін, ұрыс-жанжал дегенді көрмеген Әуезовтің Ләйләсі – кешегі жаппарқұлдың енді кеп ит көрген ешкікөзденіп шыға келгеніне таң қалған, тіптен таң қалмаған болуы керек: әйтеуір үндемепті! Оларды жазаға бергісіз үнсіздікпен жеңген екен. Жалпы, ондайлардың жазасы сол – жауап бермеу. Р.S. Тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Ләйлә Мұхтарқызы Әуезова – Әке мұражайын 30 жыл басқарып, әкесінен 30 жылдан соң және әкесінің жасында, әке тағдырын қайталап, сол бір операция үстелінің үстінде – 64-ке қараған шағында дүниеден өтті...

Ермек Қаныкейұлы, «Әуезов үйі» ғмо-ның қызметкері, ф.ғк.

Жас алаш газеті.-19 ақпан 2019 ж