Экспедиции «БУГОР»

Всего статей в разделе: 40
09.06.2021
Просмотров: 522

Сембі Марат Қатайұлы

Бытығайдан бүтін құмыра табылды

Мемлекеттік бағдарлама аясында Мәдениет және спорт министрлігі Бозоқ мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық мекемесі Ақмола облысы, Қорғалжын ауданының орталығынан шығысқа қарай Нұра өзенінің сол қапталында екі шақырым қашықта орналасқан Бытығай (Ботағай) ескерткішіне археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде, ортағасырлық қыш құмыра тапты.

Аталған мекеменің ғылыми қыз¬мет¬кері Қажымұрат Төлегенұлы берген мәліметке жүгінсек, археологиялық қазба жұмысы барысында табылған құмыраның биіктігі – 40, ені – 25 см шамасында, ішінде белдеуінен жоғары деңгейде толтырылған майға ұқсас қоңыр түсті сұйықтық сақталған.

«Мұндай бұйым бұған дейін еш жерден табылмаған. Бұл жәдігер орта ғасырға тән артефакты. Сондай-ақ Қазақстан және Орталық Азия республикаларының археологиялық тарихы үшін тың жаңалық. Екінші жағынан еліміздің солтүстік және орталық өңіріндегі қала мәдениетінің үлгісі» дейді мамандар.

Құмыра табылған нысан – Бытығай кесенесі жайлы айтар болсақ, бұл ес-керткіш ресейлік саяхатшылар Ф.Скибин және М.Трошиннің бел¬гі¬леуімен, 1694 жылы империялық картаға сызбасы алынып, оған «ХІ-ХІІ ғасырларға тән сәулет ескерткіші» деген анықтама берілген. Расында бұл кесене еліміздегі ортағасырлық жалғыз жәдігер.

Одан кейін топограф Иван Шангин 1816 жылы осы кесенеге зерттеу жұ-мы¬сын жүргізсе, ХІХ ғасырдың басында орыс офицері Карл Миллердің тапсырмасы бойынша географ маман Петр Рычков нысанның толық нобайын қағазға түсірген. Одан соң 1830 жылы инженер Шахматов нысанға кезекті зерттеу жүргізіп, ұзындығын, биіктігін, қабырғасының қалыңдығын бірін қал¬дыр¬май жазып-сызып хатқа түсіріп, бұл жұмысын 1841 жылы жарыққа шығарған.

Ал Кеңес Одағы тұсында академик Әлкей Марғұлан 1973 жылы арнайы археологиялық топ құрып, нысанға кешенді зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, жәдігерге «еліміздегі сәулет-құрылыс өнерінің көрнекті үлгісі» деген баға беріліп, бұл нысан көшпелі қазақ ордасына тән мұра екені нақтыланған.

Одан кейін, әсіресе тәуелсіздік жылдары Мәдениет саясаты және өнертану ғылыми-зерттеу институтының сектор меңгерушісі Марат Сенбі мен архитектор Жалаледин Шәйкен мырзалар қазба жұмыстарын жүргізіп, шеберхана, кірпіш күйдіретін пеш, сырлы бояу әзірлейтін астау, т.б. дүниелер тапқан болатын.

Бұл жолғы барлау кезінде жоғарыдағы құмырадан басқа, шеберхана орнынан тас үгітуге арналған үш үлкен диірмен, кірпішпен қаланған науаның орны, глазурленген кірпіш қалдықтары, қоладан жасалған бұйымдар, т.б. табылып отыр. – Бұл жобаның мерзімі үш жыл. Қазба барысында әлі де көптеген құнды жәдігер табылуы мүмкін. Әсіресе, дәл қазір құмыра ішіндегі сұйықтың құрамын анықтау өте қажет, – дейді археологтер.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

Егемен Қазақстан.- 10.08.2021 ж.


9 июня 2021 года Государственный историко-культурный музей-заповедник «Бозок» МКС РК в рамках реализации проекта «Создание Национального парка под открытым небом на основе археологических раскопок древнего городища Бозок» провел рабочее совещание с участием известного учёного Семби Маратом Катаевичем, научными сотрудниками Научно-исследовательского института археологии имени К.Акишева при ЕНУ имени Л.Гумилева Тлеугабуловым Данияром Толегеновичем и Дукомбайевым Азаматом Талгатовичем.

В рамках акции «Музейге сый» Семби Марат Катаевич передал музею-заповеднику «Бозок» книги: «Память земли тюрко-монгольской» (1 том).

В книге «Память земли тюрко-монгольской» рассматривается семантика, этиология и этимология географических названий, ряд актуальных проблем топонимики, тесно связанной с историей, мифологией, этнографией, фольклористикой тюрко-монгольских народов.

Марат Катаевич также передал в фонды музея-заповедника «Бозок» пленки разных лет экспедиций (22 штуки), также значок участника конференции «Невада-Семипалатинск».

Тлеугабулов Данияр Толегенович передал книги «Сакральный ландшафт Сарыарки» - коллективной монографии Научно-исследовательского института археологии имени К.Акишева при ЕНУ имени Л.Гумилева.