Экспедиции «БУГОР»

Всего статей в разделе: 40
Экспедиции  «БУГОР»
19.10.2017
Просмотров: 782

Бүгін С. Торайғыров атындағы ПМУ-де қоғам қайраткері, белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің құрметіне арналған шығармашылық кездесу өтті

Оған облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты xатшысы Арын Өрсариев қатысты.

Кеш барысында Мұрат Әуезовтің «Ділім» және «Времен связующая нить» атты кітабының тұсауы кесілді. Сондай-ақ, мәдениеттанушыға аталмыш жоғары оқу орнының құрметті профессоры атағы берілді. Өз кезегінде Мейрам Бегентаев мәртебелі мейманды келесі жылы тамыз айында өтетін «Ұлы дала елі» фестиваліне қатысуға шақырды. - Талай тұлғаларды дүниеге әкелген Ертіс өңіріне басымды иіп келіп тұрмын. Бұл кітабымды асқан сүйіспеншілікпен жаздым. «Ділім» сөзі иран тілінен шыққан. Ділім - адамның жан дүниесі, тұрқы. Тілдің жоғалуы, діннің жоғалуы мүмкін. Алайда діл ешқашан да жойылмақ емес. Сондықтан адам болайық, ділімізді берік сақтайық деген талаппен орталарыңызға келіп отырмын, - деді Мұрат Әуезов. Тұсаукесер рәсімінен кейін М.Әуезовқа арналған ПМУ студенттерінің арнау өлеңдері оқылды. Сонымен қатар, келген қонақтар автормен сұxбаттасып, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Әуезов биыл 120 жылдығы аталып өтіп жатқан Мұxтар Әуезовтың ұлы, филология ғылымдамдарының кандидаты. 1981-1987 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы болып қызмет жасаған. 1992 жылы ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметіне тағайындалды. 2003-2006 жылдары ҚР Ұлттық кітапxанасының Бас директоры міндеттерін атқарған. Оразбек Саяхат Фото: Светлана Воронова

pavlodarnews.kz